Вице-премьерге баяндалды: Баянауыл ұлттық паркіндегі өртті сөндіруге тікұшақтар жетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағында тұтанған өртті сөндіруге 90-ға жуық адам мен тікұшақтар жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«22 қыркүйек күні кешке Өскеменнен «Қазавиаорманқорғау» республикалық мекемесінен МИ-8 тікұшағы жетті. Ол өз жұмысына таңертеңгі жетіде кіріседі. Сондай-ақ ертең таңертең ауданға МИ-26 тікұшағы келетіні күтіледі», - деп мәлім етті Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен. Ведомство Баянауыл ауданы әкімдігінің ақпаратына сүйеніп хабарлауынша, ұлттық парк аумағына мамандандырылған 11 көлік: алты өрт сөндіру техникасы, үш ассенизатор көлік және үш МТЗ тракторы тартылған. Жалынмен күресті 90-ға жуық адам жүргізуде.

Күндіз Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов тілсіз жауды ауыздықтау бойынша штаб құрды. Жағдай жөнінде вице-премьер Роман Склярға баяндалды.

«Сағат 23.00-дегі ахуал бойынша, өңір басшысы оқиға орнына аттанды. Павлодардан қосымша 4 техника жіберілгені мәлім етілді», - деді облыс әкімдігінен.

Авторы Антон Гагарин

Соңғы жаңалықтар