Вице-премьер: Қазақстанда қолданылатын барлық вакцина тиімді әрі қауіпсіз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда қолданылатын барлық вакцина тиімді әрі қауіпсіз. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда қолданылатын барлық вакцина тиімді әрі қауіпсіз екендігін мәлімдейміз. Сөз жоқ, Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. Нұр-Сұлтан қаласында біраз мәселе бар. Кеше ғана Денсаулық сақтау министрімен отырыс өткізіп, бірқатар мәселелені талқыладық. Бірақ, жағдай тұрақталды деп қол қусырып отыруға хақымыз жоқ», - деді Үкімет басшысының орынбасары Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Ералы Тоғжанов сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін де баса айтты.

«Маска кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және басқа да сақтық іс-шараларын қолдану күнделікті әдетімізге айналуы керек. Вакцина алған күннің өзінде осындай сақтық іс-шараларын қолданғанымыз бүгінде артық етпейді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар