Вице-премьер Ералы Тоғжанов коронавирустан жазылып, қызметіне кірісті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустан жазылып, қызметіне қайта кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ералы Лұқпанұлы 10 күн емделген соң тест тапсырды және тест теріс нәтиже көрсетті. Ол қызметіне қайта кірісті», - деп хабарлады Үкімет.

Бұған дейін Ералы Тоғжановтың симптомсыз коронавируспен ауырып қалғаны хабарланған еді.

«Құрметті қазақстандықтар! Мен де оқшаулануға мәжбүр болып отырмын. Инфекциядан сақтануға қанша тырысқаныммен болмады. Коронавирус инфекциясының сипмтомсыз түрін анықтады. Тезірек жазылып, қызметке оралу үшін дәрігерлер айтқан барлық нұсқаманы орындауға тырысамын. Тұрғындардан да қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануды, маска тағып, антисептик қолдануды, қолды жуып, гигиена талаптарын сақтауды өтініп сұраймын. Барлығымз аман-сау болайық», - деп жазды Ералы Тоғжанов.


Соңғы жаңалықтар