Вице-министр журналистерді маркетингтің құрбаны болмауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов журналистерді маркетингтің құрбаны болмауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құрметті журналистер! Сіздерді жалған сарапшылар мен арандатушылардан аулақ болуға, маркетингтің құрбаны болмауға, тек ресми көздерден алынған ақпаратқа сенуге және медицина қызметкерлерінің ұсынымдарын орындауға шақырамын», - деді Марат Шоранов вакцинациялаудың «чиптеу» екені жайлы сыбыс негізсіз екенін айтып.
Оның айтуынша пандемия жарияланғалы бері бір жыл өтіп, ол бүкіл әлемдегі халыққа сақтануды үйреткен.
«Бүкіл адамзат өзінің басымдықтары мен құндылықтарын қайта қарауына мәжбүр болды. Бүгінгі күні бүкіл әлем вакцинация жүргізу - бәрімізді өмірге карантинсіз оралуға, экономиканы тұрақтандыруға, балаларды балабақшалар мен мектептерге, студенттердің дәріс залдарына оралуына және жалпы отбасымызбен, әріптестерімізбен, достарымызбен қауіпсіз қарым-қатынасқа оралуға мүмкіндік беретінін түсініп отыр!» - дейді ол.
«Сондықтан да, Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!» - деді ол.
- СҚО-да балалар ойын-сауық орталықтары мен аквапарктің жұмысына рұқсат берілді
- Өзбекстанда 4 миллионнан астам тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алады
- Карантин: Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
- Ақтөбе облысында 1-5 сынып оқушылары түгел мектепке барады
-
Батыс Қазақстан облысында шектеу шаралары жеңілдеді
-
СҚО-да қай сыныптың оқушылары мектепке барып білім алады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам