Вице-министр румын компанияларының өкілдерімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов машина жасау және авиациялық өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін румын компанияларының өкілдерімен онлайн кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстанның Румыниядағы Елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Онлайн кездесуге сондай-ақ, жеке және мемлекеттік секторлардың салалық мамандары қатысты.

Кездесу аясында тараптар ағымдағы ұстанымдар бойынша пікір алмасты және осы перспективалы салалардағы өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.


Соңғы жаңалықтар