Вице-министр: Этносаралық ахуалды бақылайтын ақпараттық жүйе құрылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов министрліктің жанынан құрылған этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Жолдауда экономикалық және әлеуметтік тақырыптарға тоқталды. Жолдаудағы басты бағыттардың бірі, әрине, елдегі тұрақтылықты сақтау. Жолдауда айтылған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін құру қажеттілігі, кадрлық саясат, шешім қабылдау жүйесі және оларды жүзеге асыруда жауапкершілікпен қарау мәселесі кездейсоқ көтерілген жоқ «, - деді Марат Әзілханов.

Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысының тапсырмасымен этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат тиімділігін арттыру бойынша бірқатар шаралар қабылданғанын атап өтті

«Алғаш рет ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанынан Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті құрылды. Комитет - тікелей этносаралық саладағы саясатты әзірлеумен айналысады. Оның басты міндеті – орталықтағы және жергілікті жерлердегі этносаралық үдерістерді басқару жүйесін жетілдіру. Сондай-ақ, Комитет этносаралық қатынастар саласындағы мемлекет саясатын дамыту жөніндегі мәселелерді зерделейді, ұсыныстар әзірлейді және қажетті әдістемелік, ақпараттық жұмыстарды жүзеге асырады. Қазіргі уақытта өңірлік деңгейде этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша әкімдіктердің ішкі саясат басқармаларының құрамында жеке құрылымдық бөлімшелер құрылуда. Сонымен қатар, алдағы уақытта Этносаралық ахуалды бақылайтын ақпараттық жүйе құру мәселесі пысықталуда. Аймақтардағы ҚХА хатшылықтары мен «Қоғамдық келісім» КММ қоғамдық даму ішкі саясат басқармаларына беріліп, өңірлік ассамблеялар төрағаларының орынбасарлары ішкі саясат саласына жетекшілік ететін әкім орынбасарлары болып тағайындалуда»,– деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті мемлекеттік саясатты белсенді насихаттап келеді.


Соңғы жаңалықтар