Венецияда төтенше жағдай енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Италия үкіметі Венециядағы су тасқыны салдарын жоюдың бірінші кезеңіне 20 миллион еуро қарастырып отыр. Бұл сома Министрлер кеңесінің елде төтенше жағдай енгізу жөніндегі арнайы декретінде көрсетілген, деп хабарлады бейсенбі күні ANSA агенттігі.

Венецияда соңғы жарты ғасырда болмаған судың рекордтық деңгейге - 190 сантиметрге көтерілуі жағдайды қиындатты.

Қаланың 80 пайызын су басты.

Билік орындары табиғи апаттан келген шығын бір миллиард еуроға жетуі мүмкін деп отыр.

Соңғы жаңалықтар