Василий Левит қарағандылық студенттерге жаттығу жасатты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Олимпиада ойынының жүлдегерлері Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов Қарағандыға келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Танымал спортшыларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті арнайы іс-шараға шақырған. Мерекені Василий Левит пен бокстан ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов студенттерге жаттығу жасатудан бастаған. «Қарағандыға әрдайым қуана келеміз. Бұл өзінің танымал спортшылары бар жақсы қала. Жұмыс кестеміздің тығыздығына қарамастан, келісім бердік, - деді Василий Левит. - Кәсіби тұрғыда болмаса да, әрбіріміз спортпен шұғылдануымыз керек. Қазақстанда жалпы спорттың дамуына үлкен мән беріледі. Спортзалдарға баруымыз тиіс».
 

Олимпиада жүлдегері  тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақстандық бокстың жетістіктерін атап өтті. «Өздеріңіз көріп жүргендей, қазақстандықтар әр Олимпиадада медаль алып қайтуда. Вэл Баркер кубогының үш иегері бар. Бұл спортшы дарынының, жаттықтырушы жұмысының және мемлекетіміздің спортты дамытуға деген ықыласының жиынтығы деп білемін», - деп атап өтті ол. Василий Левит баршаны ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Қонақтар студенттермен әңгімелесіп, салтанатты жиынға қатысты. 

Соңғы жаңалықтар