Вакциналау оразаны бұзбайды – Өзбекстан мұсылмандары басқармасы

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналау мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында оразаны бұзбайды. Тиісті түсініктеме Өзбекстан мұсылмандары басқармасының сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Рамазан – мұсылмандар үшін қадірлі ай, онда күні бойы ораза ұстау талап етіледі – күн батқанша тамақ, алкоголь, темекі шегуден, көңіл көтеруден аулақ болу керек. Ай күнтізбесі бойынша оразаның басталуы биыл 13 сәуірге келеді. Пәтуаларға сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцинаны ораза кезінде де алуға болады, өйткені бұл оразаны бұзбайды», - делінген Өзбекстан мұсылмандары басқармасының мәлімдемесінде.

Діни басқарманың баспасөз қызметі атап өткендей, коронавирусқа қарсы екпе – қоректік зат болып саналмайды және тері асты мен бұлшықетке салынады.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау 1 сәуірде басталды. Халықты вакцинамен қамту біртіндеп кеңейеді: сәуірде - ірі қалаларда, мамырда – аудан орталықтары мен шағын қалаларда, ал маусымда – ауылдық жерлерде жалғасады. Жалпы, Өзбекстанда үш айда 4 миллионнан астам адамға екпе егу жоспарланған.



Соңғы жаңалықтар