+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Вакциналау: Қызылорда облысының дайындығы қандай

2021 жылғы 27 қаңтар 17:54
Бөлісіңіз:
Вакциналау: Қызылорда облысының дайындығы қандай

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирус инфекциясына қарсы екпе егуге байланысты дайындық жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Алексей Цой қазақстандық вакцинаны Өзбекстанда шығаруды ұсынды Ертең Қызылордада коронавирусқа қарсы вакцинацияның екінші кезеңі басталады КВИ: Қазақстанда 6 млн адамды вакциналауға қандай екпелер қолданылады

Айта кетейік, өңірде қауіпті індетке қарсы вакциналауды ақпан айында бастау жоспарланған.

Қазір вакцинациялауға жататын топтар бойынша адамдар санын нақтылау жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ, вакцинаны сақтауға және тасымалдауға арналған құрал-жабдықтарды тексеруге мән берілген. Оған қоса егу пунктерін жарақтандыру бағытында қажетті іс-шаралар жүргізілуде.

«Телемедицина арқылы «Спутник V» вакцинасын егудің алғышарттары жайында мағлұматтар берілді. Бұл мақсатта медициналық ұйымдардың жауапты мамандары мен эпидемиологтар оқудан өтті. Мамандар қабылдау, тасымалдау, егу жұмыстарын ұйымдастыру алгоритмі, вакцинациялау көрсеткіштері мен қарсы көрсетілімдер тақырыбында біліктілігін арттырды. Вакцинациялау емдеу мекемелерінің екпе кабинетінде жүргізіледі. Бүгінде облыс бойынша 154 осындай орын белгіленді. Бұдан бөлек шалғай елді мекен тұрғындарына екпе салу үшін 64 жылжымалы егу бригадасы қарастырылған», - деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы бойынша COVID-19 инфекциясының 3558 дерегі тіркелді. Барлық жағдайдың 55% ауру симптомдарымен, 45% клиникалық белгілерінсіз анықталған. Науқастардың 62% Қызылорда қаласының үлесінде, ол шамамен 2207 адамды құрайды. Ал аудандар бойынша Аралда -107, Қазалыда - 96, Қармакшыда -167, Жалағашт - 115, Сырдарияда -188, Шиеліде - 98, Жаңақорғанда -380 жағдай есепке алынған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT