Вакцина салдырған Бердібек Сапарбаевтың жағдайы қалай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны салдырған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың жағдайы қалай? Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында тілшілердің бұл сұрағына Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өткен аптада біз Жамбыл облысында болдық. Аймақ басшысы өзін жақсы сезінеді. Күш-қуаты мен қайраты толы екенін, өз міндеттерін орындап жатқанын көрдік», - деді Марат Шоранов.
Ол сондай-ақ әкім өзінің жасына қарамастан неліктен ерікті болып, вакцинаны салдырғанын түсіндірді.
«Біздің неге рұқсат бергенімізге байланысты айтар болсақ, сіздер клиникалық сынақтың демеушісі - осы вакцинаны жасаушының өзі екенін түсінуіңіз керек. Денсаулық сақтау министрлігі бұл кезеңде, яғни еріктілерді таңдау кезінде қарсы көрсетілімдерді анықтамайды: адамдар ерікті вакциналауға және зерттеуге қатыса алады», - деп атап өтті спикер.
- Түркістанда салынып жатқан құрылыстарға ою-өрнектер қолданылады
- СҚО-да балалар ойын-сауық орталықтары мен аквапарктің жұмысына рұқсат берілді
- Өзбекстанда 4 миллионнан астам тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алады
- Карантин: Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
-
Ақтөбе облысында 1-5 сынып оқушылары түгел мектепке барады
-
Түркістан облысында жол сапасын жақсартуға 20 млрд теңге қаралып отыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам