Вакцина өндірумен неліктен Білім министрлігі айналысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы вацинаны жаппай өндірумен неліктен Денсаулық сақтау министрлігі емес Білім және ғылым министрлігі айналысады? Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вакцинаны әзірлеуші институт Білім министрлігіне қарасты ұйым саналады. Сондықтан біз, денсаулық сақтау жүйесі ретінде аталған вакцинаның тиімділігін бақылауға және оларды нарыққа жіберуге қатысамыз. Бұл жалпы әлемдік тәжірибе саналады. Денсаулық сақтау министрлігінің құзіретін өндіру кірмейді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Бірінші вице-министр қазақстандық вакцинаны шығаруға Денсаулық сақтау министрлігі қандай көмек көрсететіндігін де айтып берді.

«Дәрілік заттарды сараптау орталығымыз клиникалық сынақтың барлық сатысында сараптама жүргізіп, нәтижесінде сарапшылық қорытынды береді. Комиссия қорытындысы жасалады. Содан кейін аталған препаратты Медициналық-фармацевтикалық бақылау комитетінде тіркеу жүргізіледі», - деді Марат Шоранов.


Соңғы жаңалықтар