Вакцина алғандар арасында ұтыс ойыны ойнатылуда - Алматы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда вакцина алғандар арасында ұтыс ойыны ойнатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2021 жылы 21 мамырда Covid-19 вакцинасының бірінші компонентін алатын қала тұрғындары үшін ұтыс ойыны басталды.

«Строй сити», «Ақбұлақ» сауда орталықтары мен «Жібек жолы» базарында коронавиурске қарсы вакцинаның алғашқы компонентін алғандар арасында ұтыс ойны өтіп жатыр. Қатысушылардың ешқайсысы ұтыссыз қалмайды. Вакцина алушылардың «Спутник V» және «Hayat Vax» екпелерінің бірін таңдау мүмкіндігі бар»,- деп хабарлады әкімдіктен.

Акцияның басты мақсаты - пандемиямен күресу, халықты ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина алуға ынталандыру.

Шараны Алатау ауданының әкімдігі мен сол аудандағы медициналық мекемелер ұйымдастырды.

Айта кетейік, ұтыс сыйлықтары арасында шаңсорғыш, ыдыс жинағы, қысқа толқынды пеш, шаш кептіргіш және басқа да қажетті заттар бар.

Акцияға бүгін кешкі сағат 17.00 дейін болады.


Соңғы жаңалықтар