Вакцина алған қанша қазақстандық коронавирус жұқтырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың вакцина алған қанша адам КВИ-мен ауырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде вакцина алған қанша адам коронавируспен ауырғаны сұралды.

«Вакциналаудан кейін 21 813 адам ауырды. Оның ішінде «Спутник V» вакцинасынан кейін 18 мың адам, QazCovid-in – 436 адам, Sinopharm-нан (Hayat-Vax) кейін 2 173 адам ауырды», - деді Е. Қиясов.

Оның айтуынша, Pfizer екпесінен кейін 17 ауырды, олар осы вакцинаны шетелде алған. CoronaVac вакцинасын алған 603 адам індетке шалдықты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде ревакцинация қалай ұйымдастырылатынын түсіндірді.


Соңғы жаңалықтар