Вакцина алған елорда студенттері арасында 1,5 млн теңге ойнатылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада вакциналанған жастар арасында 1,5 миллион теңге ойнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Халықаралық жастар күні қарсаңында «Stop COVID-19» үздік бейне-challenge байқауын ұйымдастырады.

Байқау студент жастар арасында вакциналау арқылы COVID-19 таралуына қарсы күрес, сондай-ақ студенттер арасында шығармашылық кластерді қолдау мақсатында өткізілуде. Сайыс жеңімпазы елордалық мәслихат депутаты Азамат Манасұлының басшылығымен жұмыс істейтін «Ідіріс Орынбасар атындағы қайырымдылық қорынан» 1 миллион теңге алады. 2-орынға – 300 мың теңге, 3-орынға – 200 мың теңге. Сондай-ақ, байқауға қатысушылар үшін «Арена fitness», «Winox» фитнес-залдарының танымал желілерінен және «Хлебный край» компаниясынан ынталандыру сыйлықтары қарастырылған.

Байқау осы жылдың 5 тамызы мен 5 қазаны аралығында өтеді. Оған елорданың орта арнаулы (колледждер) және жоғары оқу орындарының кәмелетке толған студенттері қатыса алады.

«Байқау ережесінің шарттарымен келесі Instagram-парақшаларда танысуға болады: @astana_jastary және @ns_jastary немесе WhatsApp +77471909693 нөмірі бойынша хабарласуға болады», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.


Соңғы жаңалықтар