Вагонда тұратын отбасы баспаналы болды - Қызылорда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада бұған дейін вагон паналап келген көп балалы ана Гүлнар Қалибаеваға баспана кілті табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Гүлнар бірнеше жыл бұрын отағасынан айрылған. Төрт баламен жалғыз қалған отбасының тұрақты баспанасы жоқ болатын. Асыраушысынан айрылған отбасыға пәтер жалдауға тура келген. Соңғы кезде шарасыздықтан вагонды паналаған. Бұл отбасы туралы жергілікті журналистер мен қайырымды жандар әлеуметтік желі беттерінде мәселе көтерген еді.

«Осы жағдайдан кейін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың тапсырмасымен бұл отбасы әлеуметтік қолдау орталығына уақытша орналастырылды. Кеше тұрақты да жайлы баспананың кілтіне ие болды», - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар