+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Вагон-мейрамханасы істей бастаған жолаушылар пойызының тізімі жарияланды

2020 жылғы 8 қыркүйек 02:18
Бөлісіңіз:
Вагон-мейрамханасы істей бастаған жолаушылар пойызының тізімі жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 9 пойызда вагон-мейрамхана жолаушыларды тамақтандырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

ҚР Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 24 тамыздағы № 56 «Жолаушылар пойыздарындағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінде шектеу шаралары және оларды кезең – кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына сәйкес, жолаушы пойыздарында қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (вагон-мейрамханалар, вагон-барлар және купе-буфеттер) кезең-кезеңімен іске қосыла бастады.

«Жолаушы пойыздарында қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметі карантин шаралары мен санитария-дезинфекция режимін қатаң сақтай отырып жүргізіледі. Қаулыға сәйкес жолаушылар өз вагонына тамаққа тапсырыс бере алады, сондай-ақ вагон-мейрамханаларының ішінде түскі ас ішуге рұқсат берілген. Алайда бұл тұрғыда вагон-мейрамхана 50%-дан артық толмауы тиіс», делінген хабарламада.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар пойыздарында маска режимі бар екендігін, сонымен бірге кемінде 1 метр ара қашықтықты сақтай отырып, вагондар арасында жүруге жолаушыларға рұқсат етілгендігін атап өтті.

7 қыркүйектегі жағдай бойынша қатынайтын қоғамдық тамақтандыру объектілері бар жолаушылар пойыздарының тізімі:

1. № 711/712 «Нұр-Сұлтан-Шымкент» (вагон-мейрамхана, вагон-бар)

2. № 705/706 «Алматы-Петропавл» (вагон-мейрамхана, вагон-бар)

3. № 3/4 «Алматы- Нұр-Сұлтан» (вагон-мейрамхана, вагон-бар)

4. № 11/12 «Алматы-Шымкент» (вагон-мейрамхана, вагон-бар)

5. № 10/9 «Нұр-Сұлтан -Алматы» (вагон-мейрамхана)

6. № 24/23 «Ақтөбе-Алматы» (вагон-мейрамхана)

7. № 34/33 «Ақтөбе-Алматы» (вагон-мейрамхана)

8. № 379/380 «Алматы-Орал» (купе-буфет)

9. № 353/354 «Нұр-Сұлтан-Семей» (купе-буфет)

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT