Вьетнамда көшкін жеті адамның өмірін қиып кетті, 46-сы із-түзсіз жоғалған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Вьетнамдағы Куангнам провинциясында болған екі көшкін жеті адамның өмірін қиып кетті, 46-сы із- түзсіз жоғалған. Бұл туралы ҚазАқпарат VnExpress порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бір-біріне таяу маңда болған көшкіннің екеуі де «Молаве» тайфуны салдарынан орын алған.

Порталдың атап өтуінше, елдің премьер-министрі Нгуен Суан Фук төтенше жағдайда жедел әрекет ету және іздеу- құтқару жұмыстары бойынша ұлттық комитеттен жоғалғандарды іздеуге көмектесуді сұрады.

Метеорологтардың бағалауынша, «Молаве» соңғы 20 жыл ішіндегі елге төнген ең қуатты тайфун болып отыр.


Соңғы жаңалықтар