«Үздік педагог» байқауы өтуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысында білім беру ұйымдарындағы педагог кадрлардың шеберлігі «Үздік педагог» байқауы бастау алды, деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен.

Байқауға облыстық білім басқармасы, облыстық білім беру саласында ақпараттандыру және оқыту-әдістемелік жұмыс, жаңа технологиялар және облыстық мониторинг орталығы мұрындық болып отыр.

Алғашқы болып байқаудың шымылдығын облыстағы техникалық-кәсіби білім беру ұйымдарының педагогтары ашты.

«Аталған байқаудың мақсаты - ұстаздар арасында талантты, өз ісінің майталман шеберлерін анықтап, қолдау көрсету және олардың инновациялық педагогикалық тәжірибесін өзгелерге көрсету арқылы педагогтардың еңбегінің оң имиджін қалыптастыру болып табылады», - дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Е.Шеленжек.

Байқауға техникалық-кәсіби білім беру ұйымдардан 25 мұғалім қатысуда. Байқау «Ұстаздың өзін-өзі көрсетуі», «Менің кәсіби ұстанымым», «Шығармашылық зертхана» көрмесі және «Шеберлік сынып» сияқты кезеңдерден тұрады.

Соңғы жаңалықтар