Ұйымдасқан қылмыстық топ құруға қатысты 44 қылмыстық іс қозғалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы жылдың 8 айында ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырушылар мен олардың мүшелеріне қатысты 44 қылмыстық іс қозғалды. ​Бұл туралы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде Экономикалық тергеулер қызметі 1394 қылмыстық іс қозғады. Оның жартысына жуығы ауыр және өте ауыр қылмыстар саналады. Өтелген шығын сомасы 20 пайызға артты және 33 млрд теңгені құрады. Біз экономиклаық қылмыстық ұйымдасқан түрімен жиі бетпе-бет келеміз. Тек 8 айдың ішінде ғана ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырушылар мен олардың мүшелеріне қатысты 44 қылмыстық іс қозғалды. Соңғы 5 жылдағы рекордтық көрсеткіш саналады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, сараптама жасау барысында ақша қаражаттарын қылмыстық жолмен қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысатын 60-тан астам әлеуетті топ анықталды.

«Бұл үшін олар қаржылық айналымы 2 трлн теңгеден асып жығылатын 1,2 мыңнан астам өздерінің бақылауындағы компанияларды құрған. Барлығына қатысты қылмыстық іс қозғалып, 98 тұлға күдікті ретінде танылды, 28-і тұтқынға алынды және 29-ы үйқамаққа алынды», - деді Жанат Элиманов.


Соңғы жаңалықтар