Үйінен қашып кеткен алматылық жасөспірім Қызылордадан табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық полицейлер үйінен қашып кеткен алматылық жасөспірімді тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы Полиция департаментінің Панфилов аудандық полиция бөліміне 36 жастағы азаматша 14 қараша күні кәмелетке толмаған баласының үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмағаны туралы хабарлады. Содан кейін еліміздің барлық өңіріне жасөспірімнің суреттері бар бағдар жіберілген.

«Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері осы мақсатта еріктілермен бірге баланы іздестіруге белсене қатысты. Нәтижесінде 15 қарашада сағат 16.00-де жасөспірім Қызылорда қаласының автовокзалынан табылған. Мән-жайды анықтау барысында баланың Шымкент қаласына дейін жетіп, таксимен Ақтөбеде тұратын әкесіне бармақ болғаны анықталды. Ол әкесіне аман-есен табыс етілді. Баланың әкесі қызылордалық полицейлерге кәсіби шеберлігі үшін алғысын білдірді», - деп мәлім етті .

Бұдан бұрын Қызылордада жоғалған 15 жастағы қыз Өскеменнен табылған еді.
Соңғы жаңалықтар