Үйге газ желілерін тарту жұмыстары монополияланған - агенттік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов газдың желілерін тарту кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығында бәсекелестік шектеліп келгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бәсекелестік пен тең қолжетімділіктің елеулі шектеулері «үйішілік» желілерді салу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығында бар.

250-ден астам қызмет көрсетушілердің ішінде «Газ Құрылыс» ЖШС негізгі ойыншысына нарықтың 70%-ы тиесілі болды. Бұл ретте, қосалқы мердігерлерге жергілікті нарық субъектілері тартылды не бәсекелестердің бағасынан 15-20%-ға жоғары бағалар бойынша өз бетінше қызметтер көрсетілді», - деді Р. Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Ол үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ офистерінде болу, сондай-ақ қосылуға өтінімдерді басым қарау сияқты бірқатар артықшылықтар жасалды.

«Осылайша, әлеуетті бәсекеге қабілетті нарықтар монополияланған», - деді агенттік өкілі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бәсекелестікті қорғау агенттігі басшылығы газ нарығындағы кемшіліктерді атады.

Рустам Ахметов тауарлық газды бөлшек саудада өткізу нарығында монополиясыздандыру процесі басталғанын айтты.



Соңғы жаңалықтар