Үйдің құжаттары дайын болмаса тіркеуге қалай тұрғызады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біз үйдің құжаттарын әлі алған жоқпыз. Халыққа қызмет көрсету орталығына барсақ, тіркеуге қоя алмаймыз дейді. Енді, тіркеуге қалай тұруға болады? 

ҚазАқпарат агенттігінің Аян есімді оқырманы осындай сұрақ жолдады. Оған Астана қалалық ішкі істер департаменті көші-қон басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаева жауап берді.

"Егер үйдің құжаттары болмаса, біз тіркеуге қоя алмаймыз. Бұл - заңның талабы. Біз тиісті ережеден аттай алмаймыз. Бірақ үйдің құжаттары дайын болмаса, жұмыс орны бойынша тіркеуге тұруға болады. Ол үшін жұмыс берушінің өтініш xаты керек. Соның негізінде уақытша тіркеуге тұруға мүмкіндік бар. Әйтпесе, жақын туыстардың үйінде тіркелсе де болады. Ал үйдің құжаттары рәсімделгеннен кейін өз үйіңізге ауыссаңыз болады", - деді Г.Дөненбаева ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Айта кетейік, қаңтардың 7-сі күні күшіне енген заңнамаға сәйкес, уақытша тіркелмегені үшін әкімшілік жаза, яғни айыппұл салу шарасы енгізілген болатын. Бір айдың ішінде тек түсіндіру мен ескерту жұмыстары жүргізіледі. Ал ақпанның 7-сінен бастап тұрақты және уақытша тіркеуге тұрмаған азаматтарға айыппұл салынады.

Соңғы жаңалықтар