Ұялы телефондар өндірісіне қауіп төніп тұр - Әлемдік баспасөзге шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей оқырман назарына әлемдік ақпарат көздеріне шолуын ұсынады.

Ядролық энергетика климаттың өзгеру проблемасын шеше ме? - ВВС
null

Ядролық энергетика қоршаған ортаға пайдалы. Ядролық энергетика қоршаған ортаға зиян. ВВС басылымында жарияланған мақалада автор осы екі сөйлемнің де дұрыс екенін жазып, ядролық энергетиканың климаттың өзгеру проблемасына қалай әсер ететініне талдау жасапты.

«Ұлыбритания электр энергиясын алу үшін толығымен ядролық энергетиканы пайдалануға көшпек. Бұл қоршаған орта үшін зиян. Оның басты себебі - ядролық апат сирек болады, бірақ бір рет болған апаттың салдары қаншалықты қиын екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Одан кейінгі проблема ядролық қалдықтар болмақ», деп жазады автор. Оның айтуынша, бүгінгі таңда ядролық энергетика қайта жаңғыртылатын энергия көздерімен қатар аталып, оның қажеттілігі жиі айтылып жатыр.

«Ұлыбританияның Энергетикалық зерттеулер орталығының профессоры Джим Уотсонның айтуынша, ядролық энергетиканың қажеттілігі сарапшылар айтып жүргеннен де жоғары болуы мүмкін. Дегенмен, ядролық энергетиканы алмастыра алатын жолдар іздестіріліп жатыр. Оның ішінде энергияны сақтау әдістері мен батареялар саласында көптеген зерттеулер жүргізілуде. Сонымен қатар бізге электр энергиясына қажеттілікті азайтатын жүйелер қажет», деп жазады басылым.

Италия ауылына көшкендерге 10 мың доллар төленеді - CNN
null

Италияда ауылды жерге көшкендерге он мың доллар төленіп, әр бала үшін мың доллар беріледі, сонымен қатар оларға үй небары 1 долларға сатылады. CNN басылымының жазуынша, бұл әрекет тұрғындар саны азайып бара жатқан ауыл өмірін қайта жандандыру үшін жасалып отыр.
null null null

«Италияның Франция және Швейцариямен шекарасындағы Пьемонт ауданының Локана коммунасының әкімшілігі осы елді мекенге көшіп келгісі келетін отбасыларға үш жыл бойы 10 200 АҚШ долларын төлеп тұруға және 6 000 евро жылдық жалақы беруге дайын. Бұл жердің тұрғындар саны 1900 жылдары 7000 адамды құраса, қазір мұнда 1500 адам ғана қалған. Ал мектеп жылда бірнеше оқушы ғана оқитындықтан, жабылуға шақ қалған», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, Локана тұрғындарды қажет ететін жалғыз елді мекен емес.
null null null

«Италияның Швейцариямен шекарасында 320 тұрғыны бар тағы бір елді мекен бар. Бұл таулы аймақтан үлкен үйлерді 1 евроға сатып алуға болады. Бұл жердің билігі де көшіп келгісі келетін халыққа ақша төлеуге бекініп отыр. Бұл елді мекен жойылып бара жатқан екі ауылдың бірігуінен пайда болған және билікте инвестиция өте көп болғанымен, оны жұмсайтын жастар аз. Сол себепті бұл жерде әр жаңа туған балаға мың евро төленеді, ал өз кәсібін бастағысы келетіндер екі мың евро алады», дейді автор.

Антарктида мұзы азайып жатыр - The Washington Post
null

Ғалымдар 1970 жылдармен салыстырғанда Антарктида мұзының көлемі едәуір азайғанын анықтады. The Washington Post басылымының хабарлауынша, Шығыс Антарктида мұзының жылдам еруі теңіз деңгейінің көтерілуіне үлес қосып жатыр.

«Бұл зерттеу теңіз деңгейі ғалымдар болжағаннан да жылдам көтерілуі мүмкін екенін көрсетеді. 1979 - 1989 жылдар аралығында Антарктидада 40 миллиард тонна мұз ерісе, 2009 жылдан бері бұл көрсеткіш жылына 252 миллиард тоннаға жеткен», деп жазады басылым. Калифорния университеті ғалымдарының айтуынша,Антарктиданы зерттеуді мықтап қолға алу керек.

Жастар жұмысын жақсы көреміз деп неліктен алдайды? - The New York Times
null

Бүгінгі таңда жұмысбастылық өмір салтына айналып кетті. Ал жастар арасында өзінің жұмысын жақсы көрмейтіндер көбейді. The New York Times басылымында жарияланған «Жастар жұмысын жақсы көреміз деп неліктен алдайды?» атты мақалада авторсүйікті жұмысына асығатынын, бірақ мұндай жағдай қазір сирек кездесетінін жазыпты.

«Қазіргі таңда көп жерде «Өз ісіңді жақсы көр», «Шаршасаң да, тоқтама», «Жұмысыңды бітіріп барып тоқтат» деген секілді сөздер жазылған. Яғни, қарбаластың ортасына қош келдіңіз деген сөз! Бұл қазіргі таңда амбиция мақсатқа жетудің құралы емес, өмір стилінің, өмір салтының құралына айналғанын көрсетеді», деп жазады автор.

Оның айтуынша, бүгінгі күннің жұмыс мәдениеті өз ісін жақсы көруді аздық ете бастаса, түрлі маркетингтік амалдар жастарды арбап, сүйікті ісінен ләззат алудан алшақтатып жіберген.

Ұялы телефондар өндірісіне қауіп төніп тұр - Daily Mail

Ғалымдар жоғалу қаупі төніп тұрған химиялық элементтер тізімін жасап, олардың арасында біз күнделікті тұтынып жүрген заттардың өндірісінде қолданылатын элементтердің де бар екенін анықтаған. Daily Mail басылымының хабарлауынша, ғалымдар жасаған тізімдегі 90 табиғи элементтің отызы ұялы телефондар өндірісінде қолданылады.
null

«Еуроодақта ай сайын он миллион смартфон лақтырылады. Ал ғалымдар кейбір элементтердің дефициті артатытына және қайта өңдеуге жіберілмейтініне алаңдаушылық білдірген. Бұл кестені Еуропаның химиялық қауымдастығы жасаған және ол Еуропа парламентінің отырысында таныстырылды», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, кейбір элементтерді өндірісте өте жиі пайдалану оның жүз жылдан да аз уақытта жойылуына алып келеді.

«Бұл элементтерге үлкен қауіп төніп тұр. Сондықтан әр екі жыл сайын телефон ауыстыруды тоқтату керек шығар», депті Сент-Эндрюсск университетінің профессоры Дэвид Коул-Гамильтон.

«Қазіргі таңда ең белсенді қолданылып жүрген элементтердің бірі - гелий. Сол себепті мерекелік шаралар кезінде аспанға гелий толтырылған шарларды жіберуді тоқтатқан жөн. Ал смартфон мен теледидар экранын жасауда қолданылатын индий тіпті жиырма жылда бітіп қалуы мүмкін. Сондықтан ұялы телефондардың санын қысқарту керек. Сонымен қатар бұл өндіріс түрінде кең тараған басқа да элементтерді пайдалану мүмкіндігін қарастырған жөн», деп жазады автор.

Соңғы жаңалықтар