+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Ұялы телефон, ішік, алтын бұйымдар: Астаналық интернет алаяқтар адамдарды қалай алдайды

2021 жылғы 28 қыркүйек 13:32
Бөлісіңіз:
Ұялы телефон, ішік, алтын бұйымдар: Астаналық интернет алаяқтар адамдарды қалай алдайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінде елордада интернет алаяқтық қылмысы қызып тұр. Аталған қылмыс түрімен күресу үшін қалалық Полиция департаменті жанынан мамандандырылған жедел тергеу тобы құрылды. Осы орайда интернет алаяқтар елорда жұртын қандай әдістермен алдайтыны туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің киберқылмыспен күрес бөлімінің басшысы Талғат Бөлегенов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жүкті әйелді өлтіргені үшін 20 жылға сотталды - Павлодар облысы Ақмола облысында жергілікті тұрғынды атып кеткен малшы ұсталды Елордада қаржы пирамидаларының қызметі көптеп таралуда

«Жалпы интернет алаяқтық қылмысының 70 пайызы онлайн саудамен байланысты. Мысалы, алаяқ әлеуметтік желіде жалған аккаунт ашады немесе интернет ресурстар арқылы жалған хабарлама береді. Жалған хабарламаға сеніп қалған тұтынушылар алаяқтың құрығына түсіп жатады. Талдау көрсеткендей, алаяқтар негізінен ұялы телефон сату және жөндеу, әйелдердің ішік-тоны, алтыннан жасалған бұйымдар мен автомобиль құрал-саймандары сатылады деген жалған хабарлама береді. Одан бөлек, қалада пәтер немесе ғимаратты жалға беру, жүргізуші куәлігін жасап беру бойынша алаяқтық қылмыс жиі орын алып жатады», - деді Талғат Бөлегенов елорданың Полиция департаментінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, бөлім басшысы елордада криптовалюта бойынша да алаяқтықтың өршіп тұрғанын жеткізді.

«Алаяқтар адамдарға тіркелмеген нөмірден хабарласып, криптовалютаға инвестиция құйып жеңіл табыс табуды ұсынады. Басында аз сома ұсынады, мысалы 100 доллар құйсаңыз, 200 доллар табасыз деп арбайды. Сәйкесінше жеңіл табыстың дәмін көрген адам құныға бастайды. Оның соңы алаяқтың арбауына түсумен аяқталады. Пәтерді жалған түрде жалға беру бойынша да солай. Жуырда пәтер жалға беріледі деген жалған хабарлама арқылы оңай ақша тапқан елорда тұрғыны (Орал қаласының тумасы) ұсталды. Ол бөгде пәтерлердің суретін жариялау арқылы жалған хабарлама беріп 65 адамды 6 млн-нан астам теңгеге алдап соққан. Бүгінде қылмыскер ұсталып, жауапқа тартылды», - дейді ол.

Сөз соңында департамент өкілі елорда тұрғындарын сақ болуға шақырып, жеке деректер мен банктік есепшоттарын бөгде кісіге бермеуге кеңес берді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордада жыл басынан бері 3250 интернет алаяқтық қылмысы анықталып, ол бойынша 100 адам ұсталды. Олар барлық сомасы 150 млн теңгеге шығын келтірген.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT