Үшінші елдермен серіктестікті кеңейту өзекті - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осынау күрделі уақытта «үшінші» елдермен және интеграциялық бірлестіктермен серіктестікті кеңейту мен тереңдетудің маңызы артып отыр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргідей күрделі кезеңде үшінші елдермен, интеграциялық бірлестіктермен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету мәселесі өзекті болып отыр. Бұл жөнінде былтыр қазан айында өткен Жоғары кеңестің отырысында айттым. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық еткен кезде осы бағыт басымдық ретінде айқындалды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы былтыр жыл соңында Шанхай ынтымақтастық ұйымымен тиісті меморандумға қол қойылғанын еске салды.

«Өткен жылдың соңында Шанхай ынтымақтастық ұйымымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Тез арада жұмысты қолға алып, нақты жобалар мен бастамаларды талқылауды бастау керек. Бүгін біз Индонезиямен еркін сауда туралы келісімге келу жөнінде келіссөзді бастаймыз. Үндістанмен келіссөз жүргізіліп жатыр, Моңғолиямен келісім пысықталу сатысында», - деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Польша Президентімен телефон арқылы сөйлесті.


Соңғы жаңалықтар