Үшаралда биіктігі 33 метрлік тутұғыр орнатылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Туристер көптеп келетін Алматы облысының Алакөл ауданына биіктігі 33 метрлік ту тұғыр орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тутұғыр Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласының «Даңқ» аллеясына орнатылып, салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шараның шымылдығы әнұранның шырқауымен ашылып, көк байрағымыз өз биігіне көтерілді.

Айта кетейік, Алакөлге туристер көптеп келеді. Себебі, шипалы көл осы елді-мекенде орналасқан. Сондықтан ұйымдастырушылар саябақтағы тутұғыр демалушыларға патриоттық рух береді деген сенімде.


Тутұғырдың биіктігі 33 метр, тудың көлемі 3×6метр.

Жоба «Төлегенов» серіктестігі жүзеге асырды.

Естеріңізге сала кетейік, елорда күніне орай Текеліде биіктігі 25 метрлік тутұғыр орнатылғанын болатын.


Соңғы жаңалықтар