Ұшақ топ құспен соқтығысқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Симферополь әуежайының өкілдері «Уральские авиалиний» лайнерінің топ құспен соқтығысқаны туралы ақпаратқа түсінік берді. 

Әуе гаваны бас директорының қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары Игорь Лаптев ұшудан кейінгі тексеру стандартты процедураларынан кейін фюзеляжда құспен соқтығысу іздері табылғанын атап өтті.

Бас директор орынбасарының айтуынша, Қырым әуежайында орнитологиялық қауіпсіздікке қажетті шаралар қолдануда. Ол жерде жыртқыш құстардың даусын салатын биоакустикалық жүйе іске қосылған. Бұдан бөлек, әуежай аумағын орнитологтар қарауылдауда, деп хабарлайды РИА Новости. 

Соңғы жаңалықтар