Үш баласымен бірге жоғалып кеткен әйел Жаңаөзеннен табылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Үш баласымен бірге жоғалып кеткен әйел Жаңаөзеннен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

30 шілде күні жоғалып кеткен әйел Жаңаөзенде балаларымен бірге дін аман табылды.

Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

2 тамызға қараған түні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Дилбар Тілеулесованы үш баласымен Маңғыстау станциясының желілік полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері тапты.

Естеріңізге сала кетейік, 30 шілде күні Дилбар Тілеулесова үш баласымен бірге Маңғыстаудан Шымкентке пойызбен баруды жоспарлаған.

Алайда стансаға дейін жетпеген.



Соңғы жаңалықтар