Үржарлық балықшылар өзара сынға түсті

None
None
ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданына қарасты Бақты ауылдық округінде аймақтың әуесқой балықшылары өзара сынға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, балықшылар сайысын «Қуан-Ай» шаруа қожалығының басшысы Қуандық Сарыбаев 2013 жылдан бастап ұйымдастырып келеді.

Жиырмадан астам балықшылар қатысқан сайыс Бақтыдан Қарабасқа дейін бес метрдей жерде «Қуан-Ай» шаруашылығына тиесілі көлшікте өтті. Бүгінгі күні жоғарыда аталған қожалық балық шаруашылығымен айналысады. Бұл шағын көлшікке ақ амур, тұқы (карп), сазан, мөңке балығы (карась), форель сияқты балықтардың шабақтары жіберілген. Балық тұқымдары Қапшағай, Бұқтырма су қоймасынан әкелініпті.
null 

«Бұл сайысты ұйымдастырудағы басты себебім - жас ұрпақтың бос уақыттарын қалта телефондары мен компьютердің алдында өткізбей, балық аулау мәдениетін үйрету, табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға баулу сияқты басқа да пайдалы істерге көңіл бөлсе екен деген мақсат. Жылдан-жылға қатысушылар саны көбейіп келеді. Мәселен, өткен жылы Семейден, Қытайдан балықшылар келіп қатысқан болатын», - дейді шара ұйымдастырушысы Қуандық Сейсенұлы.

Үш сағатқа созылған сайыс нәтижесінде жекелей жарыста үржарлық Талғат Сандыбаев жеңімпаз атанды. Шалқар Қасымжанов - екінші, Хайролла Ерланұлы үшінші орынды еншіледі.
null 

Ал командалық жарыста Үржар ауылының балықшылары бірінші, мақаншылықтар екінші, үшінші орынды бақтылықтар қанағат тұтты. Балықшылардың арасында болатын «Күтпеген олжа» атты марапатқа Жүніс Заңсерік, Хайролла Ерланұлы «Ең жас балықшы» атағына ие болды. Айта кетерлігі, балықшылар сайысына Аружан есімді қыз бала да қатысты. Оған «Балықшы-қыз» атағы берілді.

Жеңімпаздардың барлығы аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» және «Қуан-ай» шаруа қожалығының ескерткіш сыйлықтарымен марапатталды.

null 

Соңғы жаңалықтар