Үржарлық 4 оқушы шетелде оқу грантын ұтып алды

None
None
ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының 9-cынып оқушылары «IQanat Білім беру қорының» ұйымдастыруымен Астанада өткен олимпиадада шетелдік жоғарғы оқу орындарының гранттарын ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аудандық білім бөліміне сілтеме жасап.

Айта кетейік, олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының алты ауданынан 200-ге жуық оқушы қатысқан. Ал, Үржар ауданы бойынша жылдық қорытынды барысында жеңімпаз атанған 26 оқушы іріктелді.

Олимпиада қорытындысы бойынша 4 оқушы шетелдік жоғарғы оқу орындарының грантына ие болды. Атап айтқанда, ағылшын тілі пәнінен Абылайхан атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Мәдина Қайратқызы, денешынықтыру пәнінен Лайбұлақ орта мектебінің 9-сынып оқушысы Нұршашу Жақиянова, Қаратал және Ақтанберді орта мектептерінің 9-сынып оқушылары - Зейнеп Амантай мен Темірлан Зиядановтар жеңімпаз атанды.

«Олимпиада жеңімпаздарына арнайы бағдарлама жасалды. Бағдарлама аясында мектеп оқушылары елордадағы ұлттық мұражайға саяхат жасап, Еуразия ұлттық университеті және Қазақ гуманитарлық заң университетімен танысты. «IQanat Білім беру қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен олимпиадада оқушылар болашағын дұрыс бағдарлай алатындай көптеген мәліметтер ала білді», - дейді Үржар аудандық білім бөлімінің басшысы Сәуле Жүнісова.

Айта кетейік, ауыл мектептерінің оқушыларына арналған IQanat републикалық бағдарламасы - қазақстандық меценаттардың көмегімен іске асырылып отырған жоба. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар