Үржарда қатты аяздан мектептерде сабақ тоқтатылды

None
None
  ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында қатты аязға байланысты аудан орталығындағы мектептерде бірінші ауысымның 1-9-сыныптарында сабақ болған жоқ. «Қазгидромет» сақырлаған аяз ертең де сақталатынын болжап отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Қазгидромет» маманы Василий Деканскийдің айтуынша, 12 қараша ауданда аяз күшейіп, түнде ауа температурасы 32 градусқа дейін төмендеген.

«Ауа температурасы бүгін, қарашаның 13-інде жергілікті сағат 07.00-де 27,7 градус суықты көрсетті. Осыған байланысты сабақтың болмайтыны жөнінде ескерту жасалды»,-дейді метеоролог Василий Деканский.

Айта кетейік, ауданда соңғы күндері күн қатты суытып кетті. Ертең де аяз болады, шамамен 27 градусқа дейін суытады деп болжанған.

 

Соңғы жаңалықтар