Үржарда екі кішкене бала арықтың суына батып кетті

None
None
ҰРЖАР. ҚазАқпарат – Үржардағы суармалы арықта үш жасар 2 баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Altaynews-ке сілтеме жасап.

Арыққа түсіп жазатайым болған 3 жастағы екі баланың өлімі бүтін бір ауылды аяғынан тік тұрғызды.

17 мамыр күні сағат 13.40-та Үржар аудандық полиция бөліміне Елтай ауылында екі кішкене баланың жоғалып кеткені туралы хабар түскен.

Полиция қызметкерлері жедел іздеуге кіріседі. Сондай-ақ, екі баланы жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар да іздей бастайды.

«Нәтижесінде балалардың денесін үйлерінен 350 метр жердегі суармалы арықтан тапты. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды және оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар