Ұрланған құдық қақпақтарын қабылдайтын орындар Исекешевтің тапсырмасымен тексерілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада полиция қызметкерлері ұрланған кабель және кәріз құдықтарының қақпақтарын қабылдайтын пункттерді тексеру үстінде, деп хабарлады ҚазАқпаратқа ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Астана әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасы бойынша металл қабылдайтын 80-ге жуық пункт тексерілді. Олардың барлығы ресми тіркелмеген және металл қабылдауға рұқсаттары жоқ болып шықты.

22 ақпанда Айнатас көшесіндегіметалл қабылдайтын пунктті тексеру барысында салмағы 200 келі алюминий кабелі тәркіленіп, алынды. 36 жастағы металл қабылдаушы оны белгісіз тұлғадан қабылдап алғанын айтты. Сондай-ақ, қаладағы Бартольд көшесінде орналасқан пунктердің бірінде полиция қызметкерлері тағы 100 келі алюминий кабелін тәркіледі. Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізілуде.

Тексеру шаралары барысында түрлі бұзушылықтар үшін 30-дан астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Сонымен қатар, түсті және қара металл ұрлаудың 5 дерегі тіркеліп, күдіктілер  ұсталды. Көрсетілген фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген таратылған хабарламада. 

Астана қаласы ІІД Криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары Самат Құсетовтің айтуынша, металл қабылдайтын 18  орын өз жұмыстарын лицензия бойынша іске асырып отырса, 75-інде рұқсат құжаттары жоқ.

Полиция қызметкерлері рейдтік шараларды жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар