Ұрланған көліктің соңынан қуған ақтаулық полицейлер видеоға түсіп қалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ұрланған көліктің соңынан қуған ақтаулық полицейлер видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің хабарлауынша, 19 қараша күні сағат 12:07-де Бейнеу аудандық полиция бөлімінің 102 кезекші пультіне автожанармай құю станциясынан «Lexus» маркалы автокөлік ұрланғаны туралы қоңырау түскен.

«Бейнеу аудандық полиция бөлімі ұрланған автокөлікті іздеуге жеке құрамды жұмылдырды. Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар