Ұрланған 26 жылқы иесіне қайтарылды –Жамбыл облысы

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының полицейлері ұрланған 26 жылқыны тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11 желтоқсанда Тараз қаласының 34 жастағы тұрғыны Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында жайылымынан белгісіз біреулердің 26 жылқысын ұрлап кеткендігін айтып, арызданған..

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Т. Рысқұлов ауданының полицейлері мал ұрлығы үшін бұрын екі рет сотты болған Жарлысу ауылының 31 жастағы тұрғынын қолға түсірді.

Жылқылар иесіне қайтарылды. Бүгінгі таңда бұл ұрлыққа басқа адамдардың, сондай-ақ күдіктінің осы секілді өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.


Соңғы жаңалықтар