«Үркер-2017» ұлттық сыйлығының қазылар алқасы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы тұңғыш «Үркер-2017» ұлттық сыйлығының ұйымдастырушылары Сараптамалық қазылар алқасының құрамын жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары  Досымбек Өтеғалиев  «Үркер-2017» ұлттық сыйлығының қазылар алқасы құрамының кәсіби журналистер мен танымал тұлғалардан, мемлекет және қоғам қайраткерлерінен құрылғанын мәлімдеді.

Атап айтқанда, үміткерлер ұсынған материалдарды беделді журналист Намазалы Омашев, мемлекеттік және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев, «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Юлия Кучинская, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Александр Тараков, Өңірлік БАҚ альянсының жетекшісі  Әлібек Әлденей, саясаттанушы Расул Жұмалы, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов «Атамекен» ҚР ҰКП Агробіліктілік орталығы «farmers.kz»  порталының жетекшісі Мейрамхан Жәпек, әдеби сыншы Амангелді Мырзабеков және «Айтуға оңай» хабарының жүргізушісі Бейсен Құранбек саралайды. 

Еске сала кетсек, «Баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер-2017» ұлттық сыйлыққа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау Ел.кз сайтында жалғасып келеді. 15 номинация бойынша әрбір жеңімпаз 1 000 000 теңгеден беріледі.

Лауреаттарды салтанатты марапаттау рәсімі байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі  28 маусым күні өтеді. 

Соңғы жаңалықтар