+7 (701) 759 90 19
USD 414.94 EUR 504.03
RUB 5.59 CNY 64.22
Jańalyqtar

Украинада қарттар үйі өртеніп, 15 адам қаза тапты

2021 жылғы 21 қаңтар 21:02
Бөлісіңіз:
Украинада қарттар үйі өртеніп, 15 адам қаза тапты

ХАРЬКОВ. Укринформ-ҚазАқпарат - Харьков қаласында қарттар үйі болған екі қабатты ғимарат өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да бір күнде 5 өрт оқиғасы болды Ақмола облысында өрттен әкесі мен баласы қайтыс болды ШҚО-да жыл басынан бері 40-қа жуық көлік өртенді

«21 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 15:03-те (елорда уақытымен 19:03) Харьков қаласының Нижняя Гиевскя көшесіндегі 150 Б-үй өртенді. Өрт қарттар үйі болған нысанның екінші қабатында басталған. Сағат 16:05-те ғимараттан өлген 15 адамның денесі табылды, тағы 5 адам зардап шеккен», - делінген қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет таратқан хабарламада.

Жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Оны сөндіруге 28 маман және 7 техника жұмылдырылған.

Қайғылы оқиға мемлекеттік деңгейдегі төтенше жағдай деп белгіленді. Қалалық кеңес сағат 17-де оқиғаға қатысты отырыс өткізетін болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT