Универсиада-2019: Қазақстан қоржынына үшінші күміс медаль түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Италияның Неаполь қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына үшінші күміс медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, кезекті күміс жүлдені стенд атудан Зоя Кравченко иеленді.

Ол «скит» бағдарламасы бойынша италиялық Чиа Марзиантонионы алға жіберіп, екінші орынға табан тіреді. Үшінші орынға чехиялық Хана Адамкова ие болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін гимнаст Нариман Курбанов пен Милад Карими екінші сатыға тұрақтаған болатын.
Сондай-ақ, Ғалымжан Қырықбай дзюдодан алтын, Сәрсенкүл Рысбекова стенд атудан қола жүлде еншіледі.

Соңғы жаңалықтар