Универсиада-2017: Үш жеңіл атлетіміз финалда өнер көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайбэйде өтіп жатқан жазғы бүкіләлемдік Универсиада ойындарында үш жеңіл атлетіміз финалда өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның бірі әйелдер арасында үш қарғып секіруден қатысқан Мария Овчинникова болса, екеуі сырықпен секіруші Сергей Григорьев пен Никита Филипповтар.

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңғы бағдарламада Мария 13,35 метрге секіріп, іріктеу кезеңін сәтті аяқтады. Қарағандылық атлеттің алдын тек неміс қызы Нили Экхардт орап кетті (13,52 метр).

Финалдық кезең 27 тамызда Астана уақыты бойына сағат 16:20-да басталады. Шешуі бәсекеде 12 атлет өнер көрсетеді.

Сондай-ақ сырықпен секіруші Сергей Григорьев пен Никита Филиппов те финалға өтті. Бұл сайыс түрінде барлығы 22 қатысушы болды. Оның ішінде финалға 12 спортшы жолдама алды.

Сырықпен секірушілердің финалы да 27 тамызға жоспарланған. Басталуы - Астана уақыты бойынша - 16:00-де.

Соңғы жаңалықтар