Универсиада-2017: Қазақстандық таэквондошылар «қола» алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның таэвондодан құралған ерлер құрама командасы Қытайдың Тайбэ қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиадада ел қоржынына қола жүлде салды, деп хабарлайды Sports.kz.

Жартылай финалдың командалық белдесуінде құрамында Марат Әбдіқалиев, Нұрсұлтан Мамаев, Сұлтан Қалыбекұлы және Смайыл Дүйсебаев бар біздің таэквондошыларымыз 10:18 есебімен ресейлік қарсыластарына жол беріп, қола жүлдені місе тұтты.

 

Соңғы жаңалықтар