Универсиада-2017: Қазақстан жалпы есепте тоғызыншы орында келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Тайбэйінде өтіп жатқан жазғы 2017 жылғы универсиада ойындарында әзірге Қазақстан құрамасы жалпы есепте тоғызыншы орында келеді,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан спортшыларының қоржынында 3 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль бар. Ал Оңтүстік Корея алтын медальдар санын 23-ке жеткізіп, жеке-дара көш бастады. Олардың еншісінде 23 алтын, 14 күміс, 19 қола медаль бар. Екінші орында Күншығыс елінің спортшылары келе жатыр. Олар 18 алтын 11 күміс, 19 қола медальға ие болды.  Үздік үшінші орынды Универсиада ойындарын өткізіп жатқан Тайбэй спортшылары түйіндеп тұр.

Әзірге 45 мемлекеттің қоржынында медаль бар. Ең соңғы орындарды бір-бір қола медальдан жеңіп алған Индонезия, Иордания, Молдавия, Норвегия және Швейцария елдері өзара бөлісіп тұр.

Соңғы жаңалықтар