«Универсиада 2017» дирекциясы таратылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «2017 жылы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі Дирекция» мемлекеттік қорын тарату процедурасы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан заңнамасына сәйкес  қаржылық- шаруашылық қызмет тексерілген соң, барлық құжаттар қаланың Орталық мемлекеттік мұрағаттар орталығына тапсырылды.

Қаржылық-экономикалық қызметті қорытындылау кезінде Универсиада дирекциясының экс-басшысы Наиль Нуров бірнеше күн бұрын Алматы бюджетіне тағы бір миллиард теңгенің қайтарылғанын хабарлады.

«Қазақстан Универсиадасы Қысқы ойындар тарихындағы барынша  үнемді әрі аз шығынды спорттық оқиға болды. Алдын- ала жасалған бюджеті бойынша  32 млрд теңге оңтайландырылып, 17,8 млрд теңгеге дейін қысқарды, ал процесс барысында тағы да 4 млрд. теңге үнемделді. Осы таяуда ғана Алматы бюджетіне тағы бір миллиард теңге берілді. Яғни, мемлекеттік бюджетке жалпы операциялық қызметтен түскен 5 млрд теңге қайтарылды. Үнемге қарамастан Алматыда Қысқы ойындар тарихындағы ең ауқымды жарыстар өтті. Оларға 57 елдің  2 мыңнан астам спортшысы, 120 халықаралық төреші қатысты. Қысқы Универсиадалар тарихында алғаш рет заманауи Атлеттер ауылы салынып, ол кезекте тұрған алматылықтардың үйіне айналды», - деді ол.

Универсиада нәтижесінде «Алматы Арена», «Халык Арена» сынды спорт кешендері пайда болды, «Шымбұлак», «Медеу», «Сұңқар» мен Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы қайта жаңғырды. Универсиаданың барлық обьектілері халықаралық стандарттарға сай болды. Осылайша, Алматы агломерациясында заманауи таушаңғысы кластері пайда болды.

Еске салсақ, Алматыда Универсиада барысында 230 мыңнан астам билет сатылды, 30 мыңнан астам  турист және еліміздің түрлі өңірінен 170 азамат келді.

Тамыз айында Тайбэеде (Қытай) өткен ФИСУ-дің атқару комитетінің отырысында Алматыда өткен ойындарға жоғары баға беріліп, студенттік ойындар тарихындағы үздік қысқы Универсиада деп танылды.

Соңғы жаңалықтар