Үндістандық кедей әйел банктік шотына түскен миллиард рупийден құтыла алмай отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Мератх қаласының тұрғыны премьер-министр Нарендру Модидан, қателік салдарынан өзінің банктік шотына түскен миллиард рупий ақшаны не істейтініне кеңес беруін сұрады.

Бұл туралы сейсенбі, 27 желтоқсан күні The Financial Express басылымы жазды. Шитал Ядав (Sheetal Yadav) фабриканың қаптама бөлімінде еңбек етеді, ай сайын бес мың рупий жалақы алады. 18 желтоқсан күні ол банк картасындағы ақшаны шығарып жатып шотына миллиард рупий түскенін көреді. Өз көзіне өзі сенбей, банкоматтағы үлкен сандарды (999999394) көруге көршісін шақырады. Ол да картасында осынша ақша жатқанын айтады. Ядав басқа банкоматқа барып тексереді, бірақ ол жерде де сол соманы көрсетеді. Әйел банкке жүгінеді. Екі күн өткеннен кейін оның өтінішін қабылдаудан бас тартады. Банк қызметкерлері бұл мәселені қарамаудың жолын іздеп, сылтау айтады. 

Осыдан кейін Ядав ерімен бірге үкімет басшысына хат жазуға бел буады. Әйел Модидан бұл мәселені шешуге көмек беруін сұрайды. 

Соңғы жаңалықтар