Үндістандағы су тасқыны 16 адамның өмірін қиып кетті

None
None
ХИМАЧАЛ –ПРАДЕШ. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында күшті муссондық нөсер салдарынан су тасқыны салдарынан 16 адам қаза тауып, екеуі жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сейсенбіде су тасқыны штаттың үш ауданын басып қалды. Екі адам Чамба аймағында, төртеуі Куллу ауданында және 10 адам Лахаул Спиттиде опат болған.

Үндістанда муссондық маусым басталды. Су тасқыны мен нөсер жаңбырға қатты жауын-шашынға байланысты оқыс оқиғалар елдің түкпір-түкпірінде болып жатыр.

Өткен аптада батыстағы Махараштра штатында 190-нан астам адам қаза тапты.


Соңғы жаңалықтар