Үндістанда жолаушылар кемесі аударылып, бірнеше адам қаза тапты

None
None
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үндістанның солтүстік-батысында Раджастхан штатындағы Чамбал өзенінде сәрсенбі күні таңертең жолаушылар мінген кеме аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат NDTV телеарнасына сілтеме жасап.

Олардың мәліметі бойынша, оқиға Кота аймағында болған. Салдарынан жеті адам суға батып, тағы 14-і із-түзсіз жоғалып кеткен. Кемеде шамамен 25-30 адам болған.

Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жүріп жатыр, құтқарушылар бірнеше адамды аман алып қалды.

Болжам бойынша, оқиғаға өзенде толқынның күрт көтеріліп кетуі себеп болған.


Соңғы жаңалықтар