Үндістанда үш аяқты қыз дүниеге келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл ерекше бала Үндістанның шығысындағы шағын Джангаон қаласында дүниеге келген.

 Қыз «қалыпты» аяқ арасындағы шабында орналасқан үшінші аяғымен туды, деп хабарлайды Mirror.

Оның бұндай ауытқуы - өмірге келетін әрбір 100 000-шы сәбиде кездесетін «егіз-паразит» биологиялық құбылысы салдарынан болған. Осындай патологияда  егіздің бірі ағзаға қажеттілерді екінші кем дамығанынан сіңіріп алады. Нәтижесінде егіз-паразиттің денесі толығымен немесе жарым-жартылай «күшті» сыңарына жабысады.

Жаңа туған сәбиге жеті күн толғанда оның ата-анасы Хайдабарадон қаласындағы (Үндістандағы Теланган штатының әкімшілік орталығы) ауруханаға алып барады. Қызға үш сағат бойы ота жасалынды. Оның үшінші аяғы алынып тасталды, дәрігерлер баланың толықтай сауығып кетуіне уәде беріп отыр. 

Соңғы жаңалықтар