+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Үндістанда коронавируспен ауырғандар жатқан қонақ үй өртенді

2020 жылғы 9 тамыз 13:27
Бөлісіңіз:
Үндістанда коронавируспен ауырғандар жатқан қонақ үй өртенді

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Жексенбі күні «Сварна палас» үнді қонақ үйінде болған өрттен жеті адам көз жұмып, тағы 15 адам зардап шекті. Бұл қонақ үй коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға арналған карантиндік және емдеу мекемесі ретінде пайдалануға берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат NDTV телеарнасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда бір жарым айда 800 тонна пішен өртеніп кетті Алматыда өртенген пәтерден 3 адам құтқарылды Ресейдің Красноярск қаласында наркологиялық клиника өртеніп, 4 адам қайтыс болды

Телеарнаның хабарлауынша, өрт Андхра-Прадеш штатының Виджайваде қаласында болған.

«Өрт салдарынан жеті адам қаза тауып, 15-20-сы зардап шекті. Олар шұғыл ауруханаға жеткізілді. Екі-үшеуінің жағдайы аса ауыр», - деді жергілікті полиция қызметкері.

NDTV телеарнасының мәліметінше, өрт науқастар арасында дүрбелең тудырған, олардың кейбіреулері ғимараттан секіріп кеткен. Мекемеде барлығы 22 науқас ем қабылдап жатқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына қысқа тұйықталу себеп болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT