Үндістанда көлік апатынан тоғыз адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы Пратапгарх қаласында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысуы салдарынан тоғыз адам қаза тауып, бір адам жарақаттанды. Бұл туралы жұма күні Үндістанның ANI агенттігі хабарлады.

Жергілікті полиция қызметкерінің айтуынша, жарақат алған бір адам ауруханаға жеткізілген. Қайғылы оқиғаның себептері мен оған кінәлі болғандар туралы ақпарат әзірге түскен жоқ.


Соңғы жаңалықтар