+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Үндістанда фабрикада өрт шығып, 43 адам мерт болды

2019 жылғы 9 желтоқсан 11:37
Бөлісіңіз:
Үндістанда фабрикада өрт шығып, 43 адам мерт болды

ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Үндістан астанасы Делидің солтүстігіндегі Анадж Манди ауданында фабрика өртеніп, 43 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полицияның мәліметінше, жарақат алған және күйік шалғандардың саны 50-ден асады.

Оқиға орнына өрт сөндіру және құтқару қызметтерінің 30-дан астам машинасы жұмылдырылды.

India Today TV хабарлауынша, өрт сөндірушілерге операция басталар алдында тілсіз жаудың тұзағында қалып қойған адамдар туралы айтылмаған. Бұл, адамдарды құтқару жұмысының кешуілдеуіне себеп болып, құрбандар саны артқан.

Полиция өрт шыққан кезде фабрикада 59 адамның болғанын мәлімдеді. Жалын тұрғын аймақта орналасқан төрт қабатты ғимараттың екінші қабатында тұтанған.

Апат орнына жиналған адамдар көп болды, олардың басым бөлігі қаза тапқандар мен жарақат алғандардың туыстары.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди фабрикадағы оқиғаны «жан түршігерлік өрт» деп атады.

«Жақындарын жоғалтқандардың қайғысына ортақпын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Билік оқиға орнында мүмкін болған барлық көмекті көрсетіп жатыр», - деп хабарлады ол.

Полиция кәсіпорынның иесіне іздеу салды.

Жергілікті органдар аталған факті бойынша тексеруді бастады. Айта кетейік, бұл апат Үндістан астанасында болған ең үлкен және жан түршігерлік өрттердің бірі.

Автор: Раушан Қоңырбаева

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT